Жылдар бойы аударма саласында өзінің сара жолын тапқан SunFlare аударма агенттігі өз тұтынушыларына адал серіктес ретінде танылып келеді.
Бизнестің қай саласымен айналысса да, кез келген компанияның құжаттарына қатысты жан-жақты қызмет көрсетеміз.
Құжаттарды аударуға қатысты мәселелерді жылдам анықтап, оларды тиянақты түрде шешу арқылы клиенттерімізге оңтайлы шешім ұсына аламыз.
Компания туралы жалпы ақпарат
Компанияның аты | SunFlare Co., Ltd. |
---|---|
Құрылған күні | 1 тамыз, 1971 ж. |
Мекенжайы | Токиодағы басты кеңсе: Shinjuku Hirose ғимараты, 4-7 Yotsuya, Shinjuku-ku, Tokyo 160-0004, Жапония |
Өкіл директор | Hiroyuki Sasai |
Кәсіптік салалары |
Құжаттармен жұмыс істеу
Кеңес
Білім беру және оқу-жаттығу қызметтері
|
Сертификаттар | ISO 27001, ISO 9001, ISO 17100 және Privacy Mark (JIPDEC) медициналық құрылғыларды сатуға және таратуға берілетін II түрдегі сертификат |
ISO 27001 және ISO 9001 жүйесінде сертификатталған
Клиенттеріміздің құжатқа қатысты қажеттіліктері өте көп. Олардың құпия деректерін алу және жіберу кезінде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және қызметіміздің сапасы жоғары болуы үшін, біз халықаралық деңгейдегі деректерді басқару жүйелерімен жұмыс істейміз.
Түрлі сала мен бағыт бойынша тәжірибеміз бар
Сенімді бизнес серіктес деген беделімізді сақтап қалу үшін, біздің компанияның өнеркәсіптік сарапшылары мен салалық мамандары біріге жұмыс істеп, клиенттердің тапсырмаларына қатысты оңтайлы шешім қабылдайды.
70-тен астам тілмен жұмыс істейміз
Егер компания өз кәсібін әлемдік деңгейге шығарғысы келсе, ол жұмыс істейтін елдердің тілі мен мәдениетін жетік менгеруі керек болады. Бір қарағанда, бизнесті жүргізудің бұндай тәсілі онша тиімді болмайтыны анық. Алайда SunFlare компаниясында 70-тен астам тілде жұмыс істейтін сарапшылар сол тілдерді қолданатын елдердің мәдениетімен де жіті таныс. Клиенттеріміздің халықаралық деңгейде елеулі жетістікке жетуіне қажетті көмекті уақытылы көрсете аламыз. Біздің мамандар тілдік қағидалардың қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, аударылатын құжат саласында да өз білімдерін әрдайым жетілдіріп отырады, соның арқасында құқықтық-нормативтік құжаттар, мақалалар және медициналық құрылғыларды сату және оларға лицензия беру құжаттары сияқты жоғары біліктілікті қажет ететін құжаттар бойынша сапалы қызмет көрсетеміз.